Асқар Мамин: Бизнесін ашқан адамдардың қатарын көбейту қажет

0
1 141

Асқар Мамин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мектептердегі оқытудың тиімділігін арттырып, өз бизнесін ашқан адамдар санын өсіруі қажеттігіне де назар аудартты.


Асқар Мамин: Бизнесін ашқан адамдардың қатарын көбейту қажет

ERNUR.KZ. Елімізде өз бизнесін ашқан адамдардың санын арттыру қажет. Бұл туралы бүгін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әкімдіктер осы бағдарламаның («Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы-авт) дамуына серпін беру үшін шағын және орта бизнес жобаларына субсдия мен кепілдік беру, қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыру керек», - деді ол.

Осы ретте Премьер-Министр үлгі аларлық мысалдар бар екендігін атап өтті.

«Шымкент қаласының әкімдігі субсидиялауға 600 млн теңге, ал жобаларға кепілдік беруге 250 млн теңге, Атырау облысының әкімдігі 600 млн теңге бөлді», - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мектептердегі оқытудың тиімділігін арттырып, өз бизнесін ашқан адамдар санын өсіруі қажеттігіне де назар аудартты.

«Елбасы өз Жолдауында Үкіметке қысқа мерзімде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 2020-2025 жылға дейінгі келесі кезеңін әзірлеп, бекітуді тапсырды», - деген Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жіті бақылауға алуды тапсырды.