Астана тұрғындары “Отбасы банк“ бөлімшелерінде дүрбелең туғызды

0
265

Банк клиенттері алдымен есіктің алдында күткен, кейін қаржы ұйымының ғимаратын толтырған.


Астана тұрғындары “Отбасы банк“ бөлімшелерінде дүрбелең туғызды

фото:Әлеуметтік желілерден

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Отбасы банк" бөлімшелерінде ұзын-сонар кезек күтіп тұрған адамдардың суреттері тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Банк клиенттері алдымен есіктің алдында күткен, кейін қаржы ұйымының ғимаратын толтырған.

Отбасы банктің түсіндіруі бойынша, адамдардың көп жиналуына мемлекеттік сыйлықақы есептелгеннен кейін операциялардың қайта басталуы себеп болған.

"Отбасы банк" мәліметінше, 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім шарттарын өзгертуге байланысты операциялар уақытша тоқтатылған. Бұл салымшылардың шоттарына жыл сайын түсетін мемлекеттік сыйақыны дұрыс есептеу үшін қажет болған.

Сурет әлеуметтік желілерден алынған

"Яғни, клиенттер өз депозиттерін біріктіру, бөлу, тарифтік бағдарламаны өзгерту немесе өзге де операцияларды орындай алмаған. Өткен демалыс күндері салымшылардың шоттарына мемлекеттік сыйақы түсті, енді олар "Отбасы банк" бөлімшелеріне келіп, "Отбасылық пакет" аясында депозиттерін біріктіруге, депозитті басқа адамға беруге немесе баспана сатып алу үшін несие алуға өтініш беріп жатыр", – деп түсіндірді банк.

Сонымен қатар, банкте мемлекеттік сыйақы аударылғанға дейінгі кезеңде постдепозиттік операциялардың уақытша тоқтатылуы жыл сайын орындалатынын атап өтті. Бұл туралы банк өз клиенттерін ресми сайтында алдын ала хабардар етеді.