Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді

0
658

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды.


Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Астанада жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды сағат 14:27-де өшіріп бітті.

Салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.