Әлеуметтік желіде Астанадағы балабақшада екі әйелдің төбелесі көрсетілген видео тарады.
Видео кадры
ERNUR.KZ. Астанадағы балабақшада ата-аналар төбелес шығарған, полиция тексерісті бастады, деп жазады ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде Астанадағы балабақшада екі әйелдің төбелесі көрсетілген видео тарады.
Жанжал неден шыққаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары төбелес шығарған әйелдің бірі жүкті екенін байқаған.
Астананың полиция департаменті бұл жайтты растап, екеуі де төбелес кезінде дене жарақатын алдық деп арыз жазғанын хабарлады.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығатын болады.