«Өткен жылы мемлекетттік қызметкерлердің әдеп мәселесіне арналған 7 кеңес өтті. Сол отырыстарда 33 мәселе қаралды, оның нәтижесін қорытындылай келе елордадағы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін қатаң сақтайтынын байқаймыз. Бұған тағы бір дәлел 2017 жылы 26 әдеп нормасына қатысты тәртіптік іс қаралса, өткен жылы 5 іс қаралды», - деді
ERNUR.KZ. Астана әкімдігінде өткен жыл бойына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтау жөніндегі қабылданған шаралардың қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өткен жылы мемлекетттік қызметкерлердің әдеп мәселесіне арналған 7 кеңес өтті. Сол отырыстарда 33 мәселе қаралды, оның нәтижесін қорытындылай келе елордадағы мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін қатаң сақтайтынын байқаймыз. Бұған тағы бір дәлел 2017 жылы 26 әдеп нормасына қатысты тәртіптік іс қаралса, өткен жылы 5 іс қаралды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, департамент басшысы елордадағы мемлекеттік қызметкерлердің саны мен сапасының артуына қатысты деректермен де бөлісті.
«Бүгінде Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің штат саны 3996 бірлікті құрайды, одан бөлек 190 бос лауазым орны бар және 142 маман қызмет алдындағы тексеруден өтуде. Қызметкерлердің орташа жас мөлшері 36, мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі 9 жыл. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны тұрақты өсіп келеді 2017 жылы 61% болса, өткен жылы қызметтегі әйелдер 62% құрады. Қазіргі уақытта елорда бойынша мемлекеттік аппарат құрамының 94% жоғары білімді қызметкерлер.
Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келгендердің де саны артуда, 2017 жылы 11 адам болса, өткен жылы 18-ге өсті», - деді ол. Сонымен қатар оның айтуынша, мемлекеттік қызметтен кетушілердің саны жыл санап азаюда. 2018 жылы ол көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4% азайды.
«Тағы бір айта кетерлігі, кадрлық шешімдер қабылдау кезінде меритократия қағидаттарының сақталуының басты назарда ұстаудамыз. Меритократия қағидаты бойынша өткен жылы 600-ге жуық кадрлық тағайындау болды. Қазір әрбір қызметтік байқауды қадағалайтын байқаушылар мен сарапшылар институты енгізілген. 2018 жылы мемлекеттік қызметке бос орындар байқауының 97% аталған институт өкілдерінің қатысуымен өтті», - деді Ж.Жылқышиева.