19 тамызда бала достарымен серуендеу үшін үйден шығып, қайтып оралмаған.
ERNUR.KZ. Павлодарда шомылып жүрген 12 жасар бала Ертіске батып кетті, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
“19 тамызда сағат 00:10-да Павлодар қаласының полиция қызметінің жедел кезекші бөлімінен сағат 14:30 шамасында Ертіс өзеніне 2009 жылы туған жасөспірім батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Бұл күні, шамамен 11:12-де, бала достарымен серуендеу үшін үйден шығып, қайтып оралмаған”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.
Сағат 22:00 шамасында ата-аналар полицияға жүгінген. Істі қарау барысында, достарының айтуынша, баланың өзенде суға батып кеткені анықталды. Қорқып кеткен балалар бұл туралы марқұмның ата-анасына айтпаған.