Атырауда балалар ойын орталығында бүлдіршін биіктен құлап кетті

0
450

Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Атырауда балалар ойын орталығында бүлдіршін биіктен құлап кетті

ERNUR.KZ. 9 мамыр күні Атыраудағы балаларға арналған ойын орталығында жасөспірім қыз биіктен құлап, жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ойын кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп кетіп, бала құлап кетті. Қыздың ата-анасы жедел жәрдем шақырып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері бұл ойын орталығында осымен екі бала зардап шекті.