Атырауда колледждің бірінші курсында оқитын студент соққыға жығылды

0
792

Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады.


Атырауда колледждің бірінші курсында оқитын студент соққыға жығылды

ERNUR.KZ. Атырауда агро-техникалық колледждің бес студенті бірінші курста оқитын бозбаланы соққыға жыққан, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған мәліметке қарағанда, оқиға 8 желтоқсанда болған.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 1 курсында оқитын студентінің соққыға жығылғаны анықталды. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен аталған оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілді. Соққыдан соң зардап шеккен 1 курс студенті облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілді. Дәрігерлер соққыға жығылған студенттің жеңіл дене жарақатын алғаны туралы анықтама берді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады.