Атырауда мұғалім педагогикалық кеңестен кейін өзіне қол салмақ болған

0
54

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, мұғалімді көпшіліктің көзінше алаяқ деп айыптап, балағаттаған көрінеді.


Атырауда мұғалім педагогикалық кеңестен кейін өзіне қол салмақ болған

ERNUR.KZ. Атыраудағы №37 мектептің мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат естіген соң өзіне қол салмақ болған, деп жазады Stan.kz.


Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, мұғалімді көпшіліктің көзінше алаяқ деп айыптап, балағаттаған көрінеді.

"Мені педагогикалық кеңесте балағаттады. Бұған дейін директор оның "қолының сұғанақтығы бар" деп айтқан еді. Бұл – масқаралау, сондықтан басқа амал болмады", – дейді зардап шеккен әйел.

Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің дереіне сәйкес қазір іс бақылауда, арнайы комиссия құрылған.

"Құрамында қалалық және Атырау облыстық білім басқармасының өкілдері, оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету бойынша аймақтық департаментінің өкілдері бар комиссия құрылды. Министрліктің аймақтық департаменті педагогикалық этика бойынша жоспардан тыс облыстық кеңес өткізеді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген министрліктің Tengrinews.kz портасына берген жауабында.

Қазір мұғалімнің жағдайы тұрақты екен. Оған тиісті психологиялық көмек көрсетіледі.