Қарағанды көшесіндегі үй тұрғынының айтуынша, үйлерді түнде су ала бастаған.
ERNUR.KZ. Атырауда бірнеше күннен бері қолайсыз ауа райы сақталып, 9 мамырдан бастап жаңбыр күшейді. Әкімдік су тасқыны туралы шағымдар болмағанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.
Бірінші учаскенің тұрғындары қаладағы су тасқыны туралы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды «Мой город» желілік басылымы.
Қарағанды көшесіндегі үй тұрғынының айтуынша, үйлерді түнде су ала бастаған. Су электр сорғыларымен шығарылып жатқанымен, бұл еш нәтиже берер емес.
Ал, Атырау әкімдігі су тасқынына қатысты шағым түспегенін хабарлады.
Атырауда бірнеше күннен бері қолайсыз ауа райы сақталып, кешеден бері жаңбыр күшейді