Атыраулық әйел отадан кейін арқасының күйіп қалғанына шағымданды

0
393

Ота жалпы наркозбен жасалды. Әйел оянған соң арқасын күйік шалғанын байқаған.


Атыраулық әйел отадан кейін арқасының күйіп қалғанына шағымданды

ERNUR.KZ. Атырау ауруханаларының бірінде өт қабын алуға жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған, деп жазады Stan.kz.

Ота жалпы наркозбен жасалды. Әйел оянған соң арқасын күйік шалғанын байқаған.

"Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырыммен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес", – деп шағымданды науқас.

Науқасқа арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады.

Айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған. Металл тақтайшаны уақытында алмауынан немесе дұрыс қоймауынан болуы мүмкін.