Аяғы кесіледі деген 11 айлық қыз шетінеп кетті

0
1 445

Мәселені Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ерекше қадағалап отыр


Аяғы кесіледі деген 11 айлық қыз шетінеп кетті

ERNUR.KZ. Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов туабітті жүрек ақауы және гангрена салдарынан 11 айлық қыздың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Осы жағдайды тексеру үшін қосымша тәуелсіз сарапшылар шақырылып, дәрігерлердің қызды емдеудің барлық кезеңіндегі әрекеттерін әділ бағалау бойынша кешенді тексеріс басталды.

«Тексерістер мен сараптама қорытындылары дәрігерлерге қатысты заң аясында шара қолдануға пайдаланылады. Бұл мәселені Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті ерекше қадағалап отыр», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.