Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды, болашақта ол тек арта түседі. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар алыс шетелден елімізге сапарлайтын мигранттардың қатары көбейгені байқалуда. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға жетті. Бұл шетелдіктердің көбі Қытай мен Түркия азаматтары
Еліміздегі көші-қон саласында есірткі бизнесіне, адам саудасына қатысты оқиғалар аз емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды, болашақта ол тек арта түседі. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар алыс шетелден елімізге сапарлайтын мигранттардың қатары көбейгені байқалуда. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға жетті. Бұл шетелдіктердің көбі Қытай мен Түркия азаматтары», - деді министр.
Атқарылып жатқан жұмыстардың басты міндеттері заңсыз көші-қонмен күресуге негізделгеніне тоқталған Қасымов, себебі бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп үшін маңызды екенін жеткізді.
Көші-қон ағымы есірткі бизнесімен, адам саудасымен, экстрмизм және лаңкестікпен байланысты болған кездері аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиян келтіруі мүмкін