Балалардың күтіміне байланысты төлемдер 1,5 жасқа дейін төленетін болады

0
716

Бұрын бұл төлем тек 1 жасқа дейін беріліп келген.


Балалардың күтіміне байланысты төлемдер 1,5 жасқа дейін төленетін болады

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында бала күтіміне байланысты төлем мерзімін ұзарту 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Біз бала күтімі бойынша төлемдерді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтамыз. Ата-аналар нәресте үшін ең маңызды кезеңде балаларымен ұзағырақ болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін артады. Бұл олардың қызметіне оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі", – деді Тоқаев.