Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Фото: Әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Бүгін, 6 тамызда таңертең Медеуде велосипедші автокөлікпен соқтығысқан кезде ауыр жарақат алды. Спортшы жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады BAQ.KZ.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 08:20 шамасында Медеу ауданында тіркелген.
“ Toyota Camry жүргізушісі солға бұрылғанда велосипедшіні қағып кеткен “, — деді полиция.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Велосипедшілер мен триатлеттер қауымдастығының мәліметінше, зардап шеккен адам – тәжірибелі атлет, триатлет.
“ Соққы соншалықты қатты болған, тіпті зардап шеккен адамның барлық қабырғасы сынған, сондай-ақ ішкі органдары өкпе, бауыр, көкбауыр мен қуығы зақымданған. Оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр “, – деп хабарлады қауымдастық мүшелері.
Ал Денсаулық сақтау басқармасы пациент ауыр кешенді жарақатпен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскенін хабарлады.
“ Жедел операция жасалды. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр" – деді дәрігерлер.