Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болды

0
895

​Қауымдастықтың хабарлауынша, комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті енеді.


Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болды

ERNUR.KZ. Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып сайланды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылдың 12 қарашасында бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орта Азия комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды", – делінген қауымдастық ақпаратында.

Онлайн форматта өткен отырысқа бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджмеддин Біләл Ердоған қатысқан.

Қауымдастықтың хабарлауынша, комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті енеді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт қауымдастығы Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым.