Шенеунік қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның соты басталды, деп жазады Sputnik.
"Сот кабинеті" жүйесіндегі мәліметке сүйенсек, елорданың №3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева да вице-министрдің ісіне қатысты тергеліп жатыр.
Эльмира Суханбердиеваның ісі 2 шілдеде басталып, сол күні судьяның қарауына берілді. Сотта судья Бақытжан Есенов төрағалық етеді.
Суханбердиеваның ісі. Маусым айында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Шенеунік 2 тамызға дейін қамауға алынған болатын.
Оған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстап, ол сотқа дейінгі тергеулер біткенше қамауға алынды.