Астанада 21 жастағы жігіт өзінің немере ағасын өлтіріп, ал үш туысын пышақтап кеткен деген күдікке ілінді.
ERNUR.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында компьютерлік ойынға байланысты жанжал туындаған, деп жазады Stan.kz.
Астанада Мұстафин көшесіндегі пәтерде екі апалы-сіңлілі тұратын. Олардың бірі – 60 жаста, екіншісі 50 жаста. Олармен ағаларының баласы Жанғали Жұматаев бірге тұрған. Жұматаев еш жерде жұмыс істемеген.
Жігіт Standoff 2 ойынына тәуелді болған деседі, онда адамдарды өлтіріп, оларға оқ атуға, граната лақтыруға, пышақтауға болады.
“Қаралы түнде Жанғали смартфонымен сүйікті ойынын ойнап отырған. Түнгі сағат 3-тер шамасында тәтесі одан телефонын өшіріп, төсекке жатуын өтінді, бірақ ол бұл өтінішті елемеді. Кейінірек ол тағы да Жұматаевтан басқалар ұйықтап жатқанда мазаламауды талап етті. Сондықтан болар, отбасы мүшелерінің арасында жанжал туындады”, – делінген тергеу мәліметінде.
Мәлімдеуінше, осыдан кейін Жанғали Жұматаев қолына асхана пышағын алып, ескерту жасаған тәтесінің ұлына 20 рет пышақ сұқты. Салдарынан 28 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше мерт болды.
Оның айғайынан қалған туыстары оянып кетеді де, Жұматаев оларға пышақпен шабуылдаған. 50 жастағы әйелдің беті мен мойнында бірнеше пышақ жарақаттары бар, ал 60 жастағы тәтесінің қабырғасы сынған, кеуде және дененің басқа жерлерінде енетін жарақаттар бар.
Ал нағашы қарындасы басы, кеудесі және арқасында бірнеше рет пышақ жарақаттары бар.
“Қазір зардап шеккен үш әйел де ауруханада жатыр, олар тірі. Күдікті қамауға алынды. Оның әрекеті “Адам өлтіру” және “Өлтіруге оқталу” ретінде сараланған”, – делінген хабарламада.