Бишімбаев ісі бойынша прокурорлар медальдармен марапатталды

0
246

Оларға «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды.


Бишімбаев ісі бойынша прокурорлар медальдармен марапатталды

Фото: Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай арнайы марапаттарға ие болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық мереке қарсаңында мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар прокурордың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бас прокурордың ұсынысы бойынша мемлекет басшысының жарлығымен Аймағанова мен Нұрбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кету керек, «Ерен еңбегі үшін» медалімен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жетістіктері үшін марапатталады.