Ол киімшең күйінде суға батып кеткен.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен студенттің денесі Жайық өзенінен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданында болды.
«Базаршоланнан Тайпақ ауылына қарай 10 шақырым жерде 25 тамыз күні жергілікті сағат 11.35-те жедел құтқару жасағы (3 құтқарушы, 1 техника, 1 жүзу құралы) 18 жасар жігіттің денесін Жайық өзенінен алып шықты. Ол киімшең күйінде суға батып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.
Туыстарының сөзіне қарағанда, Орал қаласында тұрған студент жаз кезінде Қыдырбай қыстағындағы ағайындарына мал бағысуға келген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да хабарсыз кеткен студенттің төртінші күн іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.