Чехияда жоғалған қазақстандық студент екі аптадан бері табылмай жатыр

0
785

Жігітті іздеу жұмыстарына қазақстандық волонтерлер де қатысуда.


Чехияда жоғалған қазақстандық студент екі аптадан бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Чехияда екі апта бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Олег Кузьминді іздеу жұмыстары жалғасуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Прагада 2019 жылдан бері тұрып келді, Blanice студенттік жатақханасында тұрып келген, Ambis университетінде оқиды.

Жас жігіттің әкесі Сергей Кузьминнің айтуынша, 25 ақпанда баласы достарымен бірге түнгі клубқа барған. Ақпанның 26-сында ұлы «Әке, өтінемін, көмектесіңіз» деп телефон соққан. Телефон шалған кезде бөгде дыбыстар естілмеген. Ол қатты мас болған немесе қатты ауырып тұрған.

Алдағы күндері Сергей Кузьмин Чехия астанасына ұшуды жоспарлап отыр.

«Мен оны таппайынша ол жақтан кетпеймін», - деп жазды ол Instagram желісінде ұлын іздеп-табуға арналған парақшада.

Жігітті іздеу жұмыстарына қазақстандық волонтерлер де қатысуда. Олег жоғалған күні оның жүруі мүмкін аумақ зерттелуде.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция студентті іздестіруде, консул бұл мәселені бақылауына алды.