Джип көлігі жолаушылар пойызының алдында тұрып қалды

0
201

2024 жылы теміржол өткелдерінде осындай 26 ЖКО тіркелді.


Джип көлігі жолаушылар пойызының алдында тұрып қалды

фото: “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі

12 наурызда Алматы–2 –- Павлодар бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолына белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел түрде жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарды, содан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірді.
Оқиға туралы полицияның желілік басқармасына хабарланды, тергеу жүргізілуде. 2025 жылғы қаңтар-ақпанда теміржол өткелдерінде автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды, бұл жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірді.
2024 жылы теміржол өткелдерінде осындай 26 ЖКО тіркелді. ҚТЖ жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.