Egov кешкі уақытта неге істен шыға береді – министрлік түсіндірді

0
526

Қазақстандықтар еGov порталының кешкі уақытта және демалыс күндері істемей қалатынына жиі шағымданады.


Egov кешкі уақытта неге істен шыға береді – министрлік түсіндірді

ERNUR.KZ. Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғаридың түсіндіруінше, азаматтар электрондық үкімет порталына аз кіретін уақыт техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп жазады ulysmedia.kz.

Ол сондай-ақ бейінді ведомство келіп түскен шағымдардың санын зерделейтінін және техникалық жұмыстар жүргізілетін күндері қазақстандықтардың eGov порталына қаншалықты жиі жүгінетінін талдайтынын атап өтті.

"Кез келген компания әдетте техникалық жұмыстарды түнде немесе демалыс күндері жүргізеді. Техникалық қолдау жұмыстарын ҰАТ АҚ атқарады , олар демалыс күндері адам аз кіретін уақытты таңдаған болуы мүмкін. Менің де порталға кіре алмай қалған сәттерім болды", – деді Биғари брифинг барысында.

Сонымен қатар, цифрлық үкіметті қолдау орталығының басшысы әрбір ведомствоның цифрлық трансформациялау жоспары бар екенін атап өтті.

Реттеу барысында олқылықтар, нормативтік және техникалық мәселелер бар, соның салдарынан электрондық үкімет сайты жұмыс істемей қалады.

"Қазір бізде eGov-да дерек өте көп. Және оларға үнемі сұраныс түседі. Яғни, демалыс күндері азаматтар қандай да бір мәміле жасағысы келеді немесе анықтама алғысы келеді. Сондықтан, біз жеке егжей-тегжейлі жоспар аясында осы мәселелерді қарастырып, реинжиниринг жасаймыз", - деп толықтырды Рүстем Биғари.

Ол “ҰАТ” АҚ демалыс күндері қазақстандықтардың сұраныстарының санын талдайтынын және техникалық жұмыстарды жұмыс күніне ауыстыруы мүмкін екенін атап өтті.