Елдегі су қоймалары су тасқынын қабылдауға дайын

0
2 582

Су тасқыны кезеңі орта есеппен 4-5 айға созылады.


Елдегі су қоймалары су тасқынын қабылдауға дайын

ERNUR.KZ. Қазақстанның су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазсушар" РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салықбаев хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, тасқын кезеңі оңтүстік аймақтарда қаңтардың айының соңынан басталып, наурыздың басына дейін, ал қалған аймақтарда наурызда басталып, сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Республика бойынша су тасқыны кезеңі орта есеппен 4-5 айға созылады.

Көктемгі су тасқыны кезеңінің өтуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл ауа-райы, қар қоры, объектілердің тасқын суларды өткізуге дайындығына байланысты. Сондықтан, "Қазгидромет" алдағы көктем мезгіліне болжам жасап отырады.

Ақпан айында "Қазгидромет" көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталатын ылғал қорының көлемі мен топырақтың қату тереңдігі туралы хабарлай бастайды. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде қауіпті гидрологиялық құбылыстарды уақтылы анықтау, гидротеникалық құрлыстар жағдайын бақылау үшін "Қазгидромет" деректерді алдын ала жіберетін болады, соның негізінде су қоймаларының жұмыс режимі түзетіледі", - деді Ербол Салықбаев.

2020 жылы қар қоры өткен жылдармен салыстырғанда 2-2,5 есе көп болды. Ылғал қоры мен топырақтың ылғалдану көлеміне жасалған талдау көктемде ШҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы елді мекендерді, экономика объектілерін су басу қаупі болуы мүмкін екенін көрсетті. Бірақ, алдын ала қабылданған шаралар нәтижесінде былтырығы көктемгі су тасқыны кезеңі төтенше жағдайсыз өткен болатын. Эфир қонағы биылғы жылы да су тасқынының алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданғанына да тоқталды.

Қазіргі таңда ірі су қоймаларының жұмысы жоспарлы түрде келісілген режимде жүріп жатыр. Төтенше жағдай туындаған жағдайда қажетті құрылыс және басқа да инертті материалдар, қаптар қоры дайындалды, сондай-ақ тиісті арнайы техника дайындалды және ЖЖМ дайындалды. Су тасқынынан өтуге осал объектілерде ерекше көңіл бөлінді, - деп атап өтті спикер.

Ербол Салықбаев бүгінгі күні "Қазсушар" РМК балансында республикалық меншіктегі 5749 су шаруашылығы және гидромелиоративтік объектілер, оның ішінде 86 су қоймасы, 83 су торабы, 36 бөгет, 102 сорғы станциясы, 1 бас құрылыс, 3448 канал және басқа да су шаруашылығы объектілері бар екенін де тілге тиек етті.

Бүгінгі күні барлық су қоймалары бекітілген кестеге сәйкес іске қосу режимінде жұмыс істейді және көктемгі су тасқынын қабылдауға арналған сыйымдылық қоры бар. Егер оларды жобалық көлемге дейін толтырған және үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті "Қазсушар" РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, су тасқыны кезеңінде ЭГТРМ, Қазсушар филиалдарымен қоса ТЖМ, ЖАО, аймақтық ТЖД сияқты мемлекеттік органдар іске қосылады. Төтенше жағдай кезінде әр мемлекеттік орган функционалдық міндеттері бойынша жұмыс істейтін болады.