Көпбалалы отбасы Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.
ERNUR.KZ. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов 15 балаға дейін жәрдемақы көлемінің есептеліп қойғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz.
«Біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға – 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», – деді Біржан Нұрымбетов.
Алайда, қазір елімізде 15 бала тәрбиелеп өсірген жалғыз-ақ отбасы бар екен. Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Аталған 159 мың теңге жәрдемақы сол бір үйге бұйырып тұр.
Сондай-ақ, министр бүгінде Қазақстанда жеті баладан көп баласы бар отбасылар саны шамамен 2500-ге жуықтайтынын айтты.