Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

0
617

Күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады.


Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

ERNUR.KZ. Елімізде 200-ден астам елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп жазады zakon.kz.

Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген.

Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады.

Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген.

Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.