Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында елімізде 500 мыңға жуық адам онлайн платформаларда жұмыс істейтінін айтты.
ERNUR.KZ. Онлайн платформаларда жұмыс істейтін қазақстандықтарға әлеуметтік пакет беріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова пилот жобаның іске қосылғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында елімізде 500 мыңға жуық адам онлайн платформаларда жұмыс істейтінін айтты. Осы орайда ол Еңбек министрлігінің басшысынан аталған санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін ведомствоның қандай жұмыс атқарып жатқанын сұрады.
Өткен аптада біз сегіз негізгі платформаның операторларымен кездестік. Олар платформаларда жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тартуға толық келіседі. Сондықтан 1 шілдеден бастап пилот режимде әр платформаның ерекшелігіне қарай жұмыс істейміз. Біз де пилоттық және сынақтан өткіземіз. Қорытындысы бойынша заңнамаға қажетті өзгеріс енгізіледі, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Әлихан Смайылов Еңбек министрлігінің пилот жобасын қолдайтынын айтты.
Бюрократиялық және басқа да кедергілерді жою қажет. Азаматтар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік жағынан қорғалатынын біле отырып, кез келген алаң мен жұмысты таңдауда еркін болуы керек.Әлихан Смайылов