Елімізде вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды

0
724

18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс.


Елімізде вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерде дәстүрлі оқыту форматы бойынша студенттерге қандай талаптар қойылатынын түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждерді оқытудың дәстүрлі форматына көшіргенде оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшыларын 100 процент вакциналаумен қамту қажет.

“18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс. Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады”, – деді министр.

Алексей Цой баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптарды қалай орындау керегін айтып берді.

"Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде "Ashyq" қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс", – деп атап көрсетті Цой.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.