Еліміздегі су тасқыны қаупі бар өңірлер аталды

0
625

Соңғы бес жылда су тасқынынан еліміздің он өңіріндегі 165 елді мекен зардап шеккен.


Еліміздегі су тасқыны қаупі бар өңірлер аталды

Еліміздегі су тасқыны қаупі бар өңірлер аталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин хабарлады.

БҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштен орта есеппен 6-68 см-ге төмен. Бұл қардың баяу еруі кезінде су тасқыны кезеңінің өтуіне оң әсер етеді.

«Ақпан және наурыз айларында температура күрт көтеріліп, қатты жаңбыр жауған жағдайда, еріген қар мен жаңбыр су тасқыны болуы мүмкін. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары жатады. Орташа қауіпті аймақтар: БҚО, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары. Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасуда және Қазгидрометпен су тасқынына түпкілікті болжам 1 наурыздағы жағдай бойынша дайындалуда», - дейді Департамент басшысы.