Еліміздің 12 өңірінде омикронның жаңа түрі анықталды

0
482

Вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатыр .


Еліміздің 12 өңірінде омикронның жаңа түрі анықталды

ERNUR.KZ. 12 өңірде коронавирус инфекциясының стелс-омикрон түрі табылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады 24.kz.

Вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатыр .

«Симптоммен жүгінген пациенттер толық көлемде ем алады. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантиндік іс-шара енгізбейміз. Сондықтан барлық карантиндік іс-шаралар алынып тасталды. Қазіргі уақытта негізінен тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр», – деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар ол маска режимін енгізуге еш негіз жоқ екенін айтты.

"12 өңірде коронавирус инфекциясының омикрон түрінің бірі анықталды. Бұл – стелс-омикрон». Коронавирус инфекциясының бұл түрі «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ жылдам таралуымен қауіпті әрі қайтадан ауруға алып келеді. Сонымен қатар оның бүкіл елімізде тарала бастағанын көріп отырмыз", – деді Ажар Ғиният.