Еліміздің кей өңірлерінде ҰБТ комиссиясына дастарқан жайылып, ішімдік құйылған

0
942

Білім беру саласының кейбір қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғанын облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер хабарлады.


Еліміздің кей өңірлерінде ҰБТ комиссиясына дастарқан жайылып, ішімдік құйылған

ERNUR.KZ. Қазақстанның кей өңірлерінде облысқа ҰБТ өткізуге келген БҒМ комиссияларына арнап салтанатты дастарқан жайылып, ішімдік қойылған. Аталған фактілер тәртіп бұзушылық болып саналады деп, жазады kaz.nur.kz.

Білім беру саласының кейбір қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғанын облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер хабарлады. Хабарлардың басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы жіберілген. Ведомствода 20-30 маусым аралығында еліміздің барлық аумағында ҰБТ өткізілген кезде өңірлерге БҒМ-ның 169 комиссиясы келіп жеткенін хабарлады.

Әрбір комиссия педагогтар, техникалық жұмысшылар, бағдарламашы секілді әртүрлі бағыттағы мамандардан тұрды. Жалпы топтың құрамына 15 адамға дейін кірді. Олар келіп жеткен кезде жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ҰБТ өткізуге жауаптылар үшін кешкі ас ұйымдастырған.

Осылайша Жамбыл облысындағы дәмханада бірге тамақтанып, ішімдік ішкен жергілікті филиал басшысы мен комиссия мүшелері назарға ілікті.

Осыған ұқсас жағдай Алматыда камераға түсіп қалды. Онда UIB-Халықаралық бизнес университетіне келген БҒМ комиссия өкілдері үшін банкет ұйымдастырған. Бұл іс-әрекет қызметтік этиканы бұзу және қызмет бабын асыра пайдалану болып табылады.

Барлық деректер бойынша тергеу басталды.