Елордада коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр жағдайда жатыр

0
847

Науқастың тыныс алуы қиындаған.


Елордада коронавирус жұқтырған бір науқас ауыр жағдайда жатыр

ERNUR.KZ. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус анықталған тағы үш науқас туралы айтып берді, деп хабарлайды ktk.kz.

Оның айтуынша, 21 наурызда кешке қарай бір адамнан коронавирус табылған. Ол осы індетке шалдыққан әйелмен жақын байланыста болған.

"Ал 22 наурызда тағы екі науқас тіркелді. Біріншісі - Қазақстан азаматы. Ол стационарда бокста коронавирусы бар деген күдікпен жатқан. Диагноз расталды. Қазіргі кезде оның дене қызуы жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Екі жақты пневмониясы бар, тыныс алуы қиындап отыр. Консилиум белгіленді", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Ал үшінші науқас - елшілік қызметкері. 1976 жылы туған шетелдік, ол бүгін түнде Лондон қаласынан ұшып келген.

айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға жетті. Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында бір адам тіркелді.