Ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
ERNUR.KZ. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Ведомство бұған қатысты түсінік берді, деп жазады zakon.kz.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Бұл ақпарат жалған".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі