Есірткі сату кезінде ұсталған үш қазақстандық қамауға алынды

0
133

2024 жылдың 20 желтоқсанында ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті.


Есірткі сату кезінде ұсталған үш қазақстандық қамауға алынды

ERNUR.KZ. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін, қараша айында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.