«Ескертуді елемеген үш фрирайдер көшкін астында қалған»: Шымбұлақта 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды

0
139

​Тағы екі адам қар астынан өздері шыққан.


«Ескертуді елемеген үш фрирайдер көшкін астында қалған»: Шымбұлақта 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Бүгін Шымбұлақ тау-шаңғы курортының солтүстік Талғар ауданындағы қар көшкінінен 35 жастағы әйел қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, үш фрирайдер қар көшкіні жүреді деген ескертуге қарамастан, тауға шыққан

«2025 жылдың 17 наурызында солтүстік Талғар ауданында, 3160 метр биіктікте көлемі 50 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәлімет бойынша, қар көшкіні қаупі туралы ескертуді елемеген фрирайдерлер көшкін астында қалған. Үйіндінің астынан 1990 жылы туған әйелдің мәйіті табылды», - деп хабарлайды ТЖМ.

Дереккөзге сүйенсек, құтқару қызметі қар көшкіні туралы ескертуді 14 наурызда жолдаған.

«15-17 наурыз аралығында ықтимал қауіпті аймақтарға кіруге болмайды деген ескерту таратылған. Қатер туралы SMS және БАҚ арқылы да хабарланды», - дейді ТЖМ.