Италиядағы апаттан зардап шеккен Қазақстандықтар ауруханада жатыр

0
1 069

Жақын арада жәбірленушілердің туыстары Италияға келеді.


Италиядағы апаттан зардап шеккен Қазақстандықтар ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Италиядағы аударылған автобустан зардап шеккендердің жай-күйі жайлы сыртқы істер министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады elitar.kz.

"Қазіргі уақытта ауруханада түрлі жарақаттары бар екі қазақстандық қалып отыр. Олардан анықталғаны үш омыртқаның сынуы, қабырғалар мен бұғана сынуы, сондай-ақ көптеген соққылар. Итальяндық дәрігерлердің соңғы диагнозын күтеміз", - деп хабарлады СІМ.

Қалған жеті турист қазіргі уақытта қонақ үйге орналасты.

"Олар турды жалғастыруы мүмкін. Барлық қазақстандық туристерде медициналық сақтандыру бар. Жақын арада жәбірленушілердің туыстары Италияға келеді", - деп хабарлады СІМ.

Оқиға сәрсенбі күні Сиена провинциясында орын алған. 60 турист болған автобус апатының салдарынан бір адам қаза тапты. Зардап шеккендердің жалпы саны 37 адамға жетті, оның ішінде тоғызы - Қазақстан азаматтары.