Орта есеппен алғанда олар қала экономикасына шамамен 7,8 млн доллар алып келді.
фото: Пресс-служба ФК "Кайрат"
ERNUR.KZ. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынын тамашалауға Алматыға қанша турист келгенін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
eQonaq жүйесінде 28-30 қыркүйек аралығында 5 221 турист келгені тіркелген.
Ұлттықұ компания өкілдері мұның барлығы арнайы осы ойынға келмесе де, басым бөлігі футбол жанкүйерлері деп есептеп отыр.
"Туристер келген елдер тізімін Қытай бастап тұр - 1411 адам. Одан кейін Ресей (969), Үндістан (365), Оңтүстік Корея (249) және Өзбекстан (246) тұр", - деп жазылған хабарламада.
Орта есеппен алғанда олар қала экономикасына шамамен 7,8 млн доллар алып келді.
Бұл тек ресми қонақ үйлерде және орналастыру орындарында тұрақтаған адамдар саны. Жеке пәтер, туған туысқандарға келгендер және т.б. да болуы әбден мүмкін, дейді компаниядағылар.