Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

0
636

Сонымен қатар ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын атап өтеді.


Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген сот таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын атап өтеді.

Ал 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартқан.