Белгілі кәсіпкер, “Ақсу қант” АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Оразбеков Қазақстандағы қант тапшылығы туралы айтты.
ERNUR.KZ. Ол Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қымбатшылықтың неден өршігеніне тоқталды. Қазір елімізде қант бағасы 1 долларға жетті, деп жазады Экспресс К.
Кәсіпкер Арманжан Байтасовтың Youtube-тегі арнасына берген сұхбатында Қайрат Оразбеков елдегі қант мәселесіне тоқталды. Ол халық жиі тұтынатын тауарға деген тапшылық пен қымбатшылыққа сырт елдердегі саяси ахуалдың тікелей қатысы бар дейді.
Өйткені қант өндірісіне керекті шикізаттың басым бөлігі сырттан импортталады. Бұдан бөлек ол елдегі зауыттардың жұмысына тоқталды.
"Қант өндірісіне қажетті шикізаттың 95 пайызын біз сырттан алдырамыз. Бірақ ақпан айының соңы мен наурыздың басында Ресей және Беларусьтен келетін импорт тоқтады. Қазақстан жылына 560-580 мың тонна қант тұтынады. Соның біз тек 30 мың тоннасын ғана өндіреміз. Ал қалғанын Ресей мен Беларусьтен аламыз. Қазақстан өзінде өндіретін шикізаттан тек 5 пайыз ғана қант өндіруге қауқары бар. Қант тапшылығының орын алуына осы жағдайлардың тікелей әсері бар. Бұдан бөлек Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейін көп елдерге шекара жабық қалды. Осы жағдайдың алдын алу үшін ертерек қамдану керек еді. Егер өзге мемлекеттерден дер кезінде шикізатты сатып алғанымызда, қазір мұндай тапшылық пен қымбатшылық болмайтын еді", — деді Қайрат Оразбеков.


