Қаңтар оқиғасы: Алматы соты бір адамды түрме жазасына кесті

0
1 505

​Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің 1 сәуірдегі мәліметіне қарағанда, "ұрлық" бабымен айыпталған төрт адамға үкім шықты.


Қаңтар оқиғасы: Алматы соты бір адамды түрме жазасына кесті

ERNUR.KZ. №2 Медеу аудандық соты бір адамды екі жыл бас бостандығынан айырды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның өтелмеген жазасы да болған. Ал Алмалы аудандық сотында екі адамның бас бостандығы бес және екі жыл шектелді, Алатау аудандық сотында бір адамның бас бостандығы екі жыл шектелді.

Алматы соттарында бүгінге дейін 106 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ондағы істер "ұрлық", "қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жабдықтарды ұрлау немесе бопсалау", "тонау", "қару-жарақты заңсыз сақтау" және "ұсақ жымқыру" баптары бойынша қаралып жатыр.

Жалпы бүгінге дейін 133 қылмыстық іс түскен. Ол бойынша 200 адам күдікке ілінген. Сегіз адам түрме жазасына кесілді.