Алматыдағы тергеу изоляторында отырған үш студент Азамат Амангелдиев, Азат Уәли және Дастан Жайылғановқа қатысты бұлтартпау шаралары өзгертіліп, үйқамаққа ауыстырылған.
ERNUR.KZ. Бұл туралы «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының төрайымы Айман Омарова комиссияның бірапталық жұмысын қорытындылау кезінде айтты, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, Алматыдағы тергеу изоляторында отырған үш студент Азамат Амангелдиев, Азат Уәли және Дастан Жайылғановқа қатысты бұлтартпау шаралары өзгертіліп, үйқамаққа ауыстырылған.
Оларға ҚР ҚК-нің 272-бабының екінші бөлігі бойынша айып тағылған. Сот олардың қару-жарақ тасығанын көрсететін видеоларды алға тартты. Алайда олар мәжбүрлі түрде барған. Яғни дайындалған қарулы адамдардың қорқытуымен 5 қаңтарда алаңға барып, заңсыз әрекеттер жасаған. Митингке қарумен қорқытып апарғаны туралы басқа да адамдар айтып жатыр. Сондықтан біз бұл балаларға қатысты істі тоқтатуды ұсынған едік, – деді Айман Омарова.
Балалардың айтуынша олар бесеу болған, біреуін атып тастаған және қорқытқан. Маска киген қарулы адамдар бір-бірімен басқа тілмен сөйлескен, сондықтан олардың айтқанын істеуге тура келген.
Комиссия төрайымы осы іске назар аударып, өтініштеріне құлақ асқан прокуратура мен өзге де жауапты адамдарға алғыс білдірді.
Соным ен қатар ол Атырауда қаңтар оқиғасына қатысты қамауда отырған Есжанов Ерқанат, Еркебұлан Балтабаев, Медет Нарышевқа қатысты бұлтартпау шаралары өзгертіліп, үйқамаққа ауыстырылғанын жеткізді.