Мәйіт судың ағысымен оқиға орнынан 20 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.
Қарағанды облысында көлігімен бірге суға батып кеткен балықшының денесі бір айдан кейін табылды, деп жазады ERNUR.KZ. КТКтелеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәйіт судың ағысымен оқиға орнынан 20 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.
Оқиға 3 ақпан күні болған. Молодежный кентінен он шықырым жердегі Сәтбаев атындағы каналда балықшылар мінген көлік мұз опырылып суға батқан. Екі жолаушы шығып үлгергенімен, жүргізуші көлікпен бірге батып кеткен. Кейін шығарылған көліктің ішінде 39 жастағы балықшы болмай шықты. Іздеу жұмыстарына қатты жел, боран және күннің суығы кедергі келтірді. Соның салдарынан сүңгуірлер су астында ұзақ жүре алмай, бірнеше күннен соң іздеу тоқтатылған.
Арада бір ай уақыт өткенде марқұмның денесі батқан жерінен 20 шақырым қашықтықта табылды. Оны балықшылар байқап, құтқару қызметін шақырған.