Қарағандыда мектеп маңынан әйел адамның мәйіті табылды

0
115

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қарағандыда мектеп маңынан әйел адамның мәйіті табылды

Фото: ekaraganda

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы №54 мектептің жанынан адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.