Қарағандыдағы университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап тастаған

0
761

17 және 18 жастағы екі студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.


Қарағандыдағы университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Қарағандыда университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап кеткен, деп жазады Stan.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кеше түнде Бөкетов атындағы университеттің жатақханасында студенттер арасында төбелес болып, соңы пышақталумен аяқталған. Салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім медициналық мекемеге жатқызылды, ал шабуыл жасаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды.

"Қарағандыда 22 қазанда шамамен 2 сағат 40 минутта Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі студент түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол араздық қарым-қатынас салдарынан өзіне пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.