Қазақстан медицина саласына қанша қаржы жұмсайды?

0
1 282

Қазақстанның сыртқы қарызы кеміді. Мұндай жағдай соңғы бес жылда алғаш рет қайталанып отыр. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда қарыз көлемі 4 пайызға азайып, 161,5 миллиард АҚШ долларын құраған.


Қазақстан медицина саласына қанша қаржы жұмсайды?

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметінің денсаулық сақтау саласына бөлген қаржы көлемі ішкі жалпы өнімнің 3,9 процентін құрады, деп жазады 24.kz.

Бұл әрине аса көп емес. Салыстырмалы түрде айтар болсақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш 9,3 пайызға тең. Дегенмен бізде орташа өмір сүру жасы 72 жыл. Жан басына шаққандағы медициналық қызмет ақысы 379 АҚШ долларына тең. Осындай көрсеткіштердің көмегімен республиканың денсаулық сақтау нәтижесінің деңгейі 39,2 деп бағаланып, 44-ші орынға тұрақтады.

Ал тізімнің басында Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы саналатын Гонконг орналасқан. Денсаулық сақтау саласына Ішкі жалпы өнімінің 5,7 пайызын бөледі. Тұрғындарының орташа өмір жасы 84 жыл. жан басына шаққандағы медициналық қызмет ақысы 2200 доллардан асады. Екінші Сингапур. 4,3 процент. Одан кейін Испания және Италия елдері. Бестікті Оңтүстік Корея қорытындылады. Қазақстаннан кейінгі 45-орында Германия, 46-ға Сауд Арабиясы тұрақтаған. Рейтингте Ресей 53, АҚШ 55-орында тұр.

Қызылорда облысының экспорты 20,1% артты Өткен жылы Қызылрда облысының импорты 71,6 экспорты 20,1 пайызға өсті. Өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтеріне қарағанда экспорттың көбейуіне шикі мұнай мен газдың көп сатылуы себеп. Нақтырақ айтсақ өткен жылы мұнай экспорты 113 пайызға немесе 120 миллион долларға артқан. Шикі мұнай көбіне Италия, Испания, Франция және Қытай елдеріне сатылады. Жалпы Өңір экспортының 65 процеті шикі мұнай мен газдың үлесінде. Сондай-ақ былтыр аймақ дихандары 23,8 миллион долларға тең 11 ауылшаруашылық өнімін экспорттаған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық. Ал импорттың басым бөлігі құрылыс материалдары мен киім-кешек құрайды. Сарапшылардың есебінше, ең көп айырмашылық Шымкент қаласында тіркелді. Мұнда пәтер құны бір айда 4,1 процентке қымбаттады. Өткен жылдың желтоқсан айында шаһарда пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен 212 мыңнан бағаланса қаңтардың соңында 220 мың 800-ге саудаланды. Алматыда да ұқсас жағдай. Бір ай ішінде баға 2,8 процентке көтерілді. Ал Астанадағы ахуал тұрақты. Баға айтарлықтай өзгермеген. Жаңа жылда пәтер арзандаған жалғыз қала Ақтау. Мұнда пәтер бағасы бірден 5,2 процентке арзандап, шаршы метрі 196 мыңнан бағаланды.

Қазақстанның сыртқы қарызы кеміді. Мұндай жағдай соңғы бес жылда алғаш рет қайталанып отыр. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда қарыз көлемі 4 пайызға азайып, 161,5 миллиард АҚШ долларын құраған. 2018-ші жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, сыртқы қарыздың 63,7 пайызы фирмалар арасындағы қарыз. Ол 102,8 миллиард АҚШ долларын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 0,9 процентке жоғары. Ал мемлекеттік сектордық қарызы жалпы сомманың 7,1 пайызына тең. Отандық банк секторының сыртқа қарызы 3,5 пайызды құрайды.

Енді Қазақстанға несиені ең көп берген бес мемлекетті тізе кетейік. Бірінші орында Нидерланд, 49 миллиард АҚШ долларын қарызға берген. Екінші орында Ұлыбритания, үшінші АҚШ 12,3 миллиард доллар берешегіміз бар. Қытайдан 11,9, ал Франциядан 11,8 миллиард доллар несие алғанбыз.

Цукерберг бір күнде 6,2 млрд долларға байыды Фейсбук әлеуемттік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы бір тәулік ішінде 6,2 миллиард долларға артты. 2018-ші жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысы 39 процентке артқан. Ал бірлескен пайдасы 37 процентке көбейген. Осы мәлімет жарияланысымен корпорацияның акциялары бірден 11 пайызға қымбаттаған. Осының арқасында 34 жастағы Марк Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне ілінді. Бүгінде бизнесменнің байлығы 65,5 миллард долларға тең.