Қазақстан мен Чехия ұшақ шығарады

0
1 201

L-610 әуе кемесін құрастыруға қатысты бірлескен жоба жүзеге асырылады.


Қазақстан мен Чехия ұшақ шығарады

ERNUR.KZ. «Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігі 2023 жылдың соңында L-610 ұшақтарына заманауи модификацияланған үлгі сертификатын алады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Ресей Федерациясының индустрия және сауда министрі Денис Мантуров мәлімдеді.

«Жоба ауқымды халықаралық ынтымақтастықты көздейді. Бұл жерде Қазақстан мен Чехия негізгі серіктес болады», – деді ол.

Денис Мантуровтың мәлімдеуінше, L-610 ұшағы заман талабына сай жетілдіріледі.

«Ұшақтың салмағы мен сыйымдылығы ұлғаяды», – деді Денис Мантуров.