​Қазақстан мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі 10 елдің біріне айналды — ДДҰ

0
232

​Қазақстан созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі 10 елдің біріне айналды.


​Қазақстан мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі 10 елдің біріне айналды — ДДҰ

Фото: onehealthinitiative.com

ERNUR.KZ. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бұл ретте мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқарғанын атап өтті, деп жазады inform.kz.

— Қазақстан — жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да созылмалы жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі он елдің бірі. Қазақстанның алдын алу саласында қабылдап жатқан шаралары үлкен әсер етті: вейптерге тыйым салынды, алкогольге қатысты қатаң саясат жүргізілуде, адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу бағдарламасы жүзеге асырылуда, — деп атап өтті Ханс Клюге.

Ол сондай-ақ көп ұзамай ДДҰ қамқорлығымен Қазақстан мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы ынтымақтастық аясында жоғары білікті кадрларды даярлау жүзеге асырылатын Алғашқы медициналық-санитарлық көмек академиясын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Жас мамандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде оқып, медициналық қызмет көрсететін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықты.