Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр

0
942

Украинада 1,6 мыңнан астам қазақстандық бар.


Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр

ERNUR.KZ. Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

«Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз хабарласуы үшін келесі телефон арқылы «жедел желі» ашылды +7 (7172) 72-06-06.