Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның жеңіл түрі егілуі мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
“Қазір институт зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 12 жастан асқан балаларға вакцинаның жеңіл түрін егуі мүмкін. Яғни вакцинаның жеңіл түрі дайындалады”, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар Сағынтаев Алматыдағы оқу орындары жаңа оқу жылына дайындалып жатқаны туралы айтты. Қалада жаңа оқу жылы оффлайн режимінде өтеді деп күтіледі.
Еске салсақ, осыған дейін вакцина салдырғаннан кейін жүкті болғанын білген әйелдерге вакцинаның екінші дозасын салмауға рұқсат берілетіні туралы айтқан болатынбыз.