Қазақстанда баспана тағы қымбаттады

0
1 005

Бір жыл ішінде жаңа баспананың бір шаршы метріне 19,6%-ға өскен.


Қазақстанда баспана тағы қымбаттады

ERNUR.KZ. Ұлттық бюро таратқан дерекке сәйкес, шілде айында екінші нарықтағы тұрғын үй былтырғы жылмен салыстырғанда 26,4%-ға өскен. Бір ай ішінде баға 0,8%-ға қымбаттаған. Бұл ретте орташа есеппен алғанда екінші нарықтағы бірінші нарықтағы тұрғын үймен салыстырғанда 10,2%-ға қымбат болып тұр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бір жыл ішінде жаңа баспананың бір шаршы метріне 19,6%-ға өскен. Қазіргі таңда бір шаршы метрінің қүны 426 мың теңгеден жоғары болып тұр. Биыл маусымда тағы 0,5%-ге өскен.

Жалдамалы пәтер құны да былтырғы жылмен салыстырғанда шарықтап тұр. Бір шаршы метрге 3,6 мың теңге немесе 20,8%-ға өскен. Бір айда баға 0,4%-ға өскен.